ОЛЖА

ОЛЖА

Қазақ дүниетанымы негізіндегі стратегиялық ойын

Ер Төстік әлемінде өмір сүріп, кәсіпті дөңгелет: шаруа өсір, керуен жібер, апта сайын шешім қабылда. Таймер жоқ.

Ойынның басты экраны
Браузерде ойнау

iPhone · Android · браузер. Бір аккаунт — кез келген құрылғыда жалғастыр.

QR: olja.online

Телефонмен сканерле — ойын телефонда ашылады. Бір аккаунт, кез келген құрылғы.

Ер Төстік
Төстік · 16 жас · Сарыарқа
IОйын туралы

ОЛЖА деген не?

ОЛЖА — Ер Төстік ертегісінің әлемінде өтетін, қазақ дүниетанымына негізделген бизнес-стратегиялық ойын.

Ойыншы Сарыарқада 16 жасар Төстік болып бастайды: тары мен бидай егеді, мал өсіреді, кілем тоқиды, базарда сатады, Түркістан мен Алтайға керуен жібереді.

Әр апта — бір шешім. Таймер жоқ, асығыстық жоқ: ойланып шешіп, «Аптаны аяқта» деп басасыз.
IIҚұндылықтар

Бай деген кім?

Қазақ даласында байлық тек малмен, қаражатпен өлшенбеген. Бай — дала заңын берік ұстанған, елінің беделді азаматы, ар мен ұятты, ождан мен рухты қатар ұстаған кемел адам. Малы көп, бірақ беделі жоқ адам байлар қатарына кірмеген.

₸Теңгесауда мен кәсіп
Беделуәде мен адалдық
Рухигі іс пен жомарттық

ОЛЖА осы өлшемді ойынның өзегіне айналдырды. Теңге — үш есепшоттың біреуі ғана. Қасында Бедел мен Рух тұр. Көршіге көмектесу, уәдеде тұру, жомарттық, кішіпейілдік — әшекей емес, сауда мен керуен секілді нақты ойын механикасы.

Ар-намысын сатып байыған ойыншы ұтпайды.

IIIКімге арналған

Неге бұл ойын?

Кәсіп ашу мен жүргізуді қауіпсіз түрде, қателесе отырып үйренуге арналған орта.

Ойында ақшамен жылдамдату, сатып алынатын жеңіс, шексіз ойнауға итермелейтін тетіктер жоқ.

30апта — бірінші тарау
Мектеп оқушысына
Өз ісін бастағысы келген ересекке

Бұл қандай ойын?

1 · Өсір

Тары, бидай, бал, жүн, қой, жылқы өсір. Кілем тоқы.

2 · Сат, керуен жібер

Базарда сат. Сарыарқа, Сыр бойы, Түркістан, Жетісу, Алтай арасында керуенмен сауда жаса.

3 · Аптаны аяқта

Таймер жоқ, асығыстық жоқ. Ойланып шеш те, «Аптаны аяқтау» бас. Бірінші тарау — 30 апта.

Ойыннан көріністер

Карта
Базар
Басты экран
Апта қорытындысы
Шалқұйрықтың кеңесі

Бедел · Рух · Жеті ата

Қазақ дүниетанымы — ойынның механикасында.

Бедел

Адал сауда мен уәдеге беріктіктен жиналады.

Рух

Игі істерден өседі: кедейге қой беру, мұғалімге жалақы, көпір салу.

Жеті ата

Артыңда қалатын із.

Бұлар ақшаға сатып алынбайды — тек ойнап табылады.

Кейіпкерлер

Тәлімгер

Шалқұйрық

Ақылшы тұлпар. Әр аптада кеңес береді.

Желаяқ

Желден жүйрік — керуенді тез жеткізеді.

Саққұлақ

Бәрін естиді — базар бағасын алдын ала біледі.

Таусоғар

Тауды қозғайды — құрылысты тездетеді.

Көлтаусар

Көлді сарқады — құрғақшылықтан қорғайды.

Ата-аналарға

Адал ойын

  • Жарнама жоқ
  • Лутбокс жоқ
  • Ақшамен күшейту жоқ
  • Ойын ақшасын нақты ақшаға айналдыру жоқ

«Тез сатып ал» қысымы да жоқ. Ойын кезекпен жүреді, таймерсіз.

Мұғалімдерге

Сынып режимі

Бүкіл сынып бір нарықта ойнайды: біреудің сатқаны екіншісінің бағасына әсер етеді. Мұғалім әр оқушының нәтижесін көреді. Үш тілде: қазақша, орысша, ағылшынша.

Сынып ашу

Ойынды баста

Қазақша · Русский · English